Көлік полицейлері Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемдегі «гашиш» тәркіледі, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.
None
None

«Ағымдағы жыл басынан бері көлік сақшылары тарапынан 64 келіден астам әртүрлі есірткілік заттар тәркілкенді. Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты барлығы 106 факті тіркелді. Сонымен қатар, аталған мерзімде есірткі заттарының контрабандасына қатысты 5 факті, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркілеуге қатысты 22 факті анықталды», - деп атап өтті Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Берікжан Қадыров.

Оның мәлімдеуінше биылғы жылдың наурыз айының 13-і мен 17-сі аралығында департаменттің қызмет көрсету аумағында «Допинг» жедел сауықтыру іс-шарасы өтті. Оның мақсаты - заңсыз есірткі айналымындағы есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды, прекурсорлардың жолын кесу, мен Қазақстан Республикасы бақылауындағы заттарды мемлекеттік шекара арқылы өткізу фактілерін анықтау болатын.

«Өткізілген іс-шараның барысында 32 қылмыстық іс пен қылмыстық теріс қылық анықталды. Заңсыз айналымнан 9,5 келіден астам әр түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды» - деді полиция полковнигі.

Мәселен, департамент және оның желілік бөліністері қызметкерлері тарапынан «Жан» лақап атты қызметтік-іздестіру итінің қөмегімен «Қызылорда-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызынан 62 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын ұсталды. Тексеру барысында одан қоңыр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат табылды.

Сот-сараптамалық зерттеуінің нәтижесінде күдіктіден тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 8 келі 755 граммды құрайтын, яғни, аса ірі көлемдегі «гашиш» есірткі заты екені анықталды. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларымен қамтылды. Ұсталған азамат Жамбыл облысы ІІД Шу АІІБ уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар