Көлік сақшылары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 3 тоннадан аса түрлі есірткі заттарын тәркіледі
«Қылмыскерлерді іздеу бойынша нақты жұмыстар жүргізілді. Есепті кезең ішінде барлығы 63 қылмыскер іздеуде болатын. Криминалдық полиция қызметкерлерінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып атқарған шараларының нәтижесінде іздеуде болған 26 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ, департаменттің аумақтық бөліністері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 3 тоннадан аса түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның 12 келісі - героин», - дейді Жанат Сүлейменов.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда көлік сақшыларының басты мақсаты - қоғамдық тәртіпті тиімді қорғау және жедел қызмет көрсету аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейту. Жалпы алғанда, қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы бағытталған ұйымдастырушылық және алдын алу шараларын жүйелі жүргізу нәтижесінде департаменттің қызмет көрсету аумағындағы қылмыстық ахуал мен жедел жағдай тұрақты.