15:46, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов ТЖЫҰМК 37 сессиясына қатысты
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат. Бүгін, маусымның 4-де ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Министрлер кеңесінің (ТЖЫҰМК) 37 сессиясына қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Министрліктіәң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәжілісте сөйлеген сөзінде көлік ведомствосының басшысы халықаралық байланысты дамыту мен транзиттік-көліктік әлеуетті жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегияның басты бағыттары болып саналатынын атап өтті. Бұл стратегия еліміздің барлық көлік саласының, оның ішінде теміржолды дамыту бағыттарын айқындайды.Басты назар инфрақұрылымдық даму мен еліміздің теміржол жүйесін жүк тасымалы нарығындағы халықаралық стандарттарына бейімдеуге бағытталған. Ұлттық теміржол тасымалдаушының 2008 жылғы қызметінің нәтижелері сапалық әрі сандық көрсеткіштерінің өсуін дәлелдейді. 2007 жылмен салыстырғанда жүк тасымалы 7 пайызға өсті. Жүк айналымы 7,1 пайызға өсті. Пайдалану жұмысының сапалық көрсеткіштері де жақсарды. Транзиттік жүк тасымалы да орта есеппен алғанда жыл сайын 14 пайызға өсуде. 2008 жылы транзиттік жүк тасымалы 15 млн. тоннаны құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өсті. Транзиттік тасымалды дамыту барысында тек аймақтық қана емес, құрлықаралық тасымалы да маңызды орын алады. Еуропа ? Азия және Солтүстік ? Оңтүстік қатынастарында құрлықаралық тасымалына көңіл аударылады. Оның ішінде Достық ? Алашаңқай шекаралық торабы арқылы тасымалды дамыту ерекше орын алып отыр. Концессиялық негізде Қытаймен екінші шекаралық торапты ашуға мүмкіндік беретін Қорғас ? Жетіген теміржолын салу жұмысы ұйымдастрылуда. Қазақстан, Түрікменстан және Иран елдерінің басшыларының тапсырмалары бойынша осы жылғы 4-ші тоқсанда республикалық бюджет есебінен Өзен ?Түрікменстан шекарасы теміржол желісінің құрылысы басталады. Отандық көліктік машина жасауды дамытуға едәуір екпін берілді. Астанада локомотив құрастыру зауытының құрылысы аяқталып қалды. Петропавл қаласындағы «ЗИКСТО» АҚ жүк тиейтін жартылай вагондарын шығара бастады. 2010 жылы Екібастұзда жүк вагондары, Атбасарда электровоздар, ал 2011 жылы Алматыда жолаушылар вагондары шығарыла бастайды. Салаға қажетті қосалқы бөлшектер, ірі құйма тетіктерін өндіру қолға алынуда. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында өндірушілер өз капиталының жылдам айналымын қамтамасыз ету қажеттілігіне тап болды. Сондықтан, бүгінгі таңда жүк жеткізу мерзімдерін қысқарту көкейтесті мәселеге айналып тұр. Қазақстан теміржолы Қазақстан, Ресей, Беларус және Украина аймақтары арқылы Батыс және Орталық Қытайдан Балтық елдері, Қара теңіз және одан әрі қарай Еуропа елдеріне бағытталған, оның ішінде тартымды тарифтік жағдай тудыру арқылы контейнерлік маршруттарын ұйымдастыруда белсенді жұмыстар жүргізуде.2008 жылы Азия ? Еуропа бағытында жаңа бағдарғылар игеріліп, Үрімші (Қытай) ? Гамбург (Германия), Шеньчжень (Қытай) ? Пардубице (Чехия), Тяньцзинь (Қытай) ? Кунцево (Ресей) бағыттарында байқаулық контейнерлік пойыздар ұйымдастырылды.
Әбілғазы Құсайынов отырысқа қатысушылар назарын трансконтиненталды жүк тасымалдарын тарту күрделі болғанмен, болашағы зор екеніне аудара отырып, тек қана бірлескен іс-қимыл ғана теміржолдардың бірқалыпты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Сонымен бірге, ынтымақтастық бұдан былай да барлық елдер халықтарына экономикалық, мәдени және қоғамдық интегратор болатынын айтты.
Министр Теміржол ынтымақтастық ұйымына ризашылығын білдіре отырып, ТЖЫҰМК қатысушы басқа елдер теміржолдары арқылы бір елдің жылжымалы құрамының еркін өтуі үшін барлық кедергілерді жоюдың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ТЖЫҰМК шеңберінде қабылданатын шешімдердің Қазақстан және ТЖЫҰМК басқа елдері үшін маңызды екендігін қадап айтты.