Көлік және коммуникация министрлігі: 9 қазақстандық әуе тасымалдаушысы Еуропалық Комиссияның «қара тізімінен» шығарылды

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 5-7 сәуірде Брюссель қаласында (Бельгия) Еуропалық Комиссияның (ЕК) Ұшу қауіпсіздігі комитетінің № 2111/2005 Директивасы (ЕО) шеңберінде Еуроодақ аумағына ұшуға шектеулері бар әуе компаниялардың тізімін жаңарту мәселесін талқылау жөнінде отырысы өтті.
None
None

Бұ туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Еуроодақтың 27 елінің өкілдерінен тұратын ЕК Ұшу қауіпсіздігі комитетіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің есебі ұсынылды. Ағымдағы жылғы 20 сәуірде ЕК «қара тізімінен» Қазақстан Республикасының авиациялық жұмыстарды орындайтын қосымша 9 әуе кәсіпорнын шығару туралы шешім қабылданды.

Бұдан бұрын 2010 жылы ЕК «қара тізімінен» авиациялық жұмыстарды орындайтын 9 қазақстандық авиатасымалдаушы шығарған болатын.

Ұшу қауіпсіздігі комитетінің директивасында көрсетілгендей Еуропалық комиссия Қазақстанның авиациялық биліктері қабылдаған азаматтық авиация жүйесіндегі реформаларды қолдайды және осы үдерісті жалғастыруға шақырады.

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ұшу қауіпсіздігінің деңгейін көтеру және қазақстандық авиакомпаниялардан ЕК шектеулерін кезең-кезеңімен жою бойынша жұмысын жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум