Көлік және коммуникация министрлігі: Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарында автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды
деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің бапасөз қызметі.
Боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан жол қызметі мен төтенше жағдай бойынша қызметтің бірлесе қабылдаған шешімімен түнгі уақытқа республикалық маңызы бар жолдарда шектеу енгізілді. Оның ішінде, автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысы келесі учаскелерде шектелді:
Ақмола облысы: Жезқазған - Петропавл автожолының Державинск - Сұрған (440-551 км) және Қостанай - Әулиекөл - Сұрған (232-260 км) учаскелері; Ақтөбе облысы: Қарабұтақ - Комсомол - Қостанай автожолының Комсомол - Қостанай облысының шекарасы (89-231 км) учаскесі; Қарағанды облысы: Жезқазған - Петропавл автожолының Ұлытау - Арқалық (137-252 км) учаскесі; Қостанай облысы: Қостанай - Рудный автожолынан басқасынан облыс бойынша толығымен.
Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 444-777. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат күнделікті www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.