Көлік және коммуникация министрлігі: Қарағанды облысында «Фермер» ауыл шаруашылық ұшақтарды шығаратын зауыт салынады

АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат. 2010 жылғы 22 тамызда Қарағанды облысында авиациялық зауыт құрылысының орнына белгітас қою рәсімі өткізілді. Оған Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов және ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов қатысты.
None
None

- Бүгін біз Қарағанды облысы үшін айрықша маңызы бар айтулы оқиғаның куәсі болып отырмыз. Бұл Мемлекет басшысының ел экономикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың нақты көрінісі болып табылады, - деді Серік Ахметов митингіге жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде.

Көліктік ведомство басшысы Әбілғазы Құсайынов үстіміздегі жыл азаматтық авиация үшін, оның ішінде шағын авиацияның ерекше даму кезеңі болғанын атап өтті. Басты оқиғалардың бірі - «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы» Заңның қабылдануы. Аталған Заңның басты аспекттері әкімшілік кедергілерді жою, рұқсат беру және сертификациялау процедураларын жеңілдету болып табылады.

Күтіліп отырған нәтиже - шағын авиацияның даму барысындағы авиапарктың жаңаруы. Атап өтетін болсақ, 2015 жылға ауыл шаруашылыққа арналған әуе кемелер нарық мөлшерін 500-ге дейін кеңейту. Осыған байланысты, аталған зауыттың салынуы осы мәселенің іске асырылуы ретінде танылады.

Жобаның бастамашысы «АК Навигатор» ЖШС болып табылады, ал оны жүзеге асыру үшін «КазАвиаСпектр» ЖШС арнайы құрылды. Бұл кәсіпорынның қажетті техникалық базасы, жоғары білікті мамандары бар. Жобаны жүзеге асырудағы оның серіктесі Қазан қаласының «Фирма «МВЕН» ААҚ. Ол ұшақ пен полимер-композитті материалдардан өндіріс технологиясының әзірлеушісі ретінде қатысады. Сондай -ақ Қазанда кадрларды оқыту да көзделіп отыр. Бастапқы материалдар «Mikrosam» македон фирмасының құрал-жабдығымен шығарылатын болады.

Жобаның құны - 3,75 млрд. теңге, оның іске асыру барысында 125 жұмыс орны ашылмақшы. Құрылысты аяқтау 2011 жылы делініп отыр, ал толық жобалық қуаттылығына шыққан соң зауыт Қарағанды облысы және еліміздің басқа да аймақтары үшін ауыл шаруашылығында пайдаланылатын «Фермер-2» және «Фермер-500» атты 50 ұшақ шығаратын болады. Осылайша ауыл шаруашылығын индустриализациялау жүргізілмекші. Бұл ұшақтар ауыл шаруашылығы жұмыстарында, оның ішінде егістікті химикаттармен өңдеп, тыңайтқыштар себуге және шаруашылық алқаптарын зерттеуге қолданылады.

Компания алдағы уақытта көптеген мақсаттарға пайдалануға жарайтын өзіндік «Сұңқар» ұшағын құрастырып шығаруды да жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні зауыт құрылысы үшін Новоузенка елді мекені аумағында арнайы жер қарастырылған, жобалауға техникалық тапсырма әзірленіп, жобалаушы мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер, қозғалтқыштар мен қосымша құрал-жабдықты жеткізушілер анықталды.

Ерекше бір айта кетерлігі, бұл жай ғана құрастыру өндірісі емес, бастан аяқ отандық өндіріс, яғни авиациялық конструкторлық бюродан бастап, ұшақ құрылысы зауытына дейінгі толық циклды кәсіпорын болғалы тұр.

- Басқаша айтқанда, біздің облысымыз ғылымға негізделген, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өнім шығаратын болады. Тек жаңа жұмыс орындары ашылып қоймайды, сонымен қатар жаңа жұмысшы және инженерлік мамандықтар да пайда болады, - деп атап өттә Серік Ахметов.

Анықтамалық:

Ұшақтың негізгі ұшу техникалық мінездемелері: ұшақтың ұзындығы - 7,15 м, қанатының өрісі - 12,1 м, қанатының ауқымы - 14,1 кв.м, тиімді жүктеменің салмағы - 500 кг, ұшу салмағы - 1520 кг, қуаты - 250 л.с., жұмыс жылдамдығы -125-130 км/час, ең үлкен жылдамдығы - 200 км/час, өнімділігі - 120 га/час, ұшу ұзақтылығы - 1000км.

Соңғы жаңалықтар