Көлік және коммуникация министрлігінде әуе кемелерін жанармаймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өтті

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев азаматтық авиация саласын әуе жанармайымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді.
None
None

Ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратты.

Кеңеске Көлік және коммуникация, мұнай және газ министрліктерінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары, сондай-ақ, авиакомпаниялар мен әуежайлар өкілдері қатысты.

Кеңесті ашқан Б.Камалиев, бүгінгі таңда азаматтық авиация саласын авиажанармаймен қамтамасыз етудегі жағдайдың күрделі болып отырғандығын еске салды. 2011 жылдың 6 қаңтарындағы жағдай бойынша, әуежайлардағы жанармай қалдығы 30,7 мың тоннаны құрайды, оның ішінде, «Эйр Астана» бойынша - 7,4 мың тонна, «СКАТ»-та - 96 тонна қалдық бар.

Соңғы жаңалықтар