Көліктегі Батыс ІІД есірткіге қарсы күрес бөлімшелері ірі көлемдегі марихуананы тауып, тәркіледі

АҚТӨБЕ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Көліктегі Батыс ІІД қызметкерлері есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды.
None
None

Басында олар Ақтөбе қаласында «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы №34 жолаушылар пойызынан күдік тудырған азаматты ұстап, жеке тінту жүргізгенде, оның жол дорбасынан жалпы салмағы 5 килә болатын марихуана есірткісін тапты. Ұсталған Ақтөбе қаласының 21 жасар тұрғыны есірткіні жолсерік арқылы Жамбыл стансысында белгісіз азамат беріп жібергенін айтты.

Осы ақпаратты тексеру мақсатында жүргізілген жедел шаралар барысында Ақтөбе қаласының «Шығыс» базарында осы марихуананы қабылдап алып жатқан жерінде Ақтөбе қаласының 28 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін азаматы қолға түсті.

Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталғандарға қатысты есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау және сақтауға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бап жеке мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Соңғы жаңалықтар