Көліктік инфрақұрылымды дамыту - ҚР Президенті Жолдауының маңызды міндеті - Ом Гу Хо

«Көліктік инфрақұрылымды дамыту - Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының маңызды бөлігі. Корея солтүстікпен оңтүстікті жалғастыратын құрлықтық теміржол құрылысын құруға атсалыса алады. Маусым айында Қазақстанға сапарлаған біздің Президентіміз Пак Кын Хе теміржол инфрақұрылымын дамыту үшін елдердің бірігуінің маңыздылығын атап өтті», - деді ол.
Шетелдік сарапшы өз сөзінде Кореяның Көлік министрлігі мен еліміздің Көлік және байланыс министрлігі темір жол саласында достық байланыстарды орнату туралы келісім жасасқанын еске салып өтті.
Оның атап өтуінше, Оңтүстік Кореяның сарапшылары Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының қабылдануына баса мән беруде. Сондықтан да келесі аптада өтетін қазақстандық-корейлік бизнес-форум барысында өңірлік және жаһандық жобаларда өзара іс-қимылдар болашағы кеңіннен талқыға түсетін болады.