16:21, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Көліктің есігін ашық күйінде айдаған автобус жүргізушісі куәлігінен айырылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты А.Сахановты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 468-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оған 15 АЕК (27780 теңге) айыппұл салды және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «ПАЗ» автобусының жүргізушісі А.Саханов «Пединститут» аялдамасында жолаушылардың толық отырып болғанына көз жеткізбестен, көліктің есіктері ашық күйінде қозғалып кеткен. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алып, сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысы бойынша Б. деген қала тұрғыны жеңіл дене жарақатын алған.