16:25, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Коломбода ҚР елшісі мен Шри-Ланка СІМ басшысының кездесуінде екіжақты өзара ықпалдастықтың кеңейгені аталып өтілді
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Коломбода ҚР елшісі Дулат Қуанышев пен Шри-Ланка сыртқы саясат ведомствосының басшысы Гамин Лакшман Пейрис кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.
Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі биылғы жылға жоспарланған Шри-Ланканың Президенті Махинда Раджапакстың Қазақстанға жасайтын ресми сапарының дайындық барысын талқылау болды.
Кездесу барысында екіжақты өзара ықпалдастықтың кеңейгені аталып өтілді.
Шри-Ланканың сыртқы істер министрі өз елінің «Экспо-2017» көрмесін өткізуге Астананың өтініміне қолдау көрсететінін атап өтіп, «Болашақ энергиясы» ұранын ұсынып отырған қазақстандық жаққа жоғары баға берді.
Тараптар сондай-ақ саяси диалогты ынталандыру, сауда-экономикалық әріптестікті жетілдіру, екіжақты келісім-құқықтық өрісін құру жолдарын, экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сонымен бірге мәдени байланыстарды дамыту мақсатында қабылданып жатқан қадамдарды талқылады.