13:02, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Колония қызметкері 750 мың теңге парамен ұсталды
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеуші жедел тобы ИЧ-167/2 түзету мекемесінің аға оперативтік уәкілі әділет аға лейтенантын қамауға алды.
ҚазАқпарат бұл туралы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Колония қызметкері Сайрам ауданындағы Тұрдыабад елді мекенінде осы ауылдың тұрғын әйелінен 750 мың теңге алғаннан кейін ұсталды. Ақшаны аға лейтенант алаяқтық жолмен алған болып шықты. Ол әлгі әйелге 13 жылға сотталған күйеуін түрмеден мерзімінен бұрын босатуға көмектесемін деп уәде берген. Тексеру барысында сондай-ақ лейтенанттың бастапқыда алған сомадан екі есе көп - 10 мың доллар сұрағаны анықталды. Ол бұл жайтты, шартты-мерзімінен бұрын босату мәселесін мекеме бастығымен бірлесіп шешілетінімен түсіндірген. ҰҚК департаментінің тергеу бөлімі жиналған материалдардың негізінде «Қызмет лауазымын пайдаланып алаяқтық жасау» және «Заңсыз әрекеттер жасау үшін лауазымды тұлғаға пара беру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.