Командалық-штабтық жаттығу аяқталды

Оны 1998 жылдан бері Швеция Корольдігінің Қарулы Күштері жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Оған Қазақстан армиясының әскери қызметшілері қатысты. «Қазбат» бітімгерлік батальонынан барған 10 сардар Австрияның көпұлтты бригадасының құрамында Армения, Германия, Швеция, Финляндия, Ирландия және АҚШ әскери қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасады.
Жаттығу желі симулятордың көмегімен жүргізілді және дағдарысқа қарсы операцияларды іске асыруды жетілдіруге қызмет етті. Оқиға шартты түрдегі «Богаланд» елінде орын алды, ондағы дағдарысты бейбіт түрде шешу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарына сәйкес орындалды.
Жүзеге асқан жаттығудың негізгі мақсаты бейбітшілікті қолдау және дағдарысты жағдайға полиция мен жергілікті тұрғындардың көзқарасы жөніндегі операцияның элементтерін пысықтау болып табылады.
Жаттығуға НАТО-ға мүше мемлекеттер мен оның серіктестері болып табылатын 24 елден барлығы 2200 әскери қызметкерлер қатысты. Көпұлтты бригада деңгейіндегі Австрия, Германия, Грузия, Ирландия және Украинаның штабтары қызмет етті.
АҚШ-тың біріккен күштері мен Швеция және Австрия басшылығы Қазақстан армиясы әскери қызметшілері әзірлігінің жоғары деңгейде екендігін айтып өз бағаларын берді.