Коммуналдық қызмет тұтынушылары тарифтерді өсіруге екі-үш жылға мараторий енгізуді сұрап, митинг өткізді

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгiн Астанада коммуналдық қызмет тұтынушыларының санкцияланған митингі өттi.
None
None

Оның барысында арнайы қарар жарияланды. Онда тұрғындар коммуналдық қызмет тарифтерiнiң бағасын адамдардың 10 пайыз кiрiсiне теңестiрудi сұрады.

"Коммуналдық тарифтердiң жоғарылауы тұрғындардың қалтасына қатты әсер етуде. Осы тұрғыдан алғанда, оның ары қарай өсуiн тоқтату үшiн билiкке, жергiлiктi мәслихаттарға коммуналдық қызмет тарифтерiнiң өсуiне екi-үш жылға мораторий енгізуді талап етiп отырмыз. Соңғы екi жылда тұрғындардың коммуналдық қызметтерге төлеген қаражаты қайда жұмсалғанын көрсетудi сұрамақпыз. Бiздiң бiлуiмiзше, инженерлiк желiлердiң 70 пайызға жуығы ескiрген. Билiктiң назарын осы мәселеге аудартып, коммуналдық қызмет саласының тарифтерiн жоғарылатпау бағытындағы шараларды қабылдауға үндеймiз", - дейдi Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбеков.

Ж.Ахметбековтың айтуынша, соңғы екi жылда электр энергиясы - 33, жылу - 13, ыстық су 37 пайызға қымбаттаған.

"Мен коммуналдық қызметке ақыны өзім төлеймiн. Қаңтар айынан бастап коммуналдық қызмет тарифтерiнiң бiрден жоғарылағанын байқадым. Маған айына орташа есеппен 18 мың теңге шығатын, қазiргi кезде мен 28 мың төлеп келемiн", - деп атап өттi мәжілісмен.

Соңғы жаңалықтар