Компания өзі «өсіріп» шығарған маман сырттан келген адамға қарағанда, жақсы жұмыс істейді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Компания өзі «өсіріп» шығарған маман сырттан келген адамға қарағанда жақсы жұмыс істейді, бұл батыс елдерінің тәжірибесінен-ақ көрініп тұр, деп санайды Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының бастығы Сұлушаш Құрманбекова.
None
None

«Кадрларды даярлау экономикалық тиімді шешімдерді қажет етеді. Қай саланың мамандарын даярлап, оларға өндірістік тәжірибе базасын қай жерде ұйымдастырған жөн? Мамандардың біліктілігі тікелей өндірістегі тәжірибені ұйымдастыруға тәуелді ғой», - дейді С.Құрманбекова.

Жамбыл облысындағы кәсіби білімді дамытуға «Қазфосфат» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» РМК АҚ, «Қазатомөнеркәсібі» ҰК секілді әлеуметтік әріптестер өз үлесін қосуда, деп атап өтті білім басқармасының бастығы.

«Жоғарыда аталған әріптестермен жұмыс №5, 6, 13 кәсіби лицейінде, Жамбылдың политехникалық, Тараз бен Қаратаудың гуманитарлық-техникалық колледждерінде, теміржол көлігі колледжінде өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Олар материалдық-техникалық базаны нығайтуда, кадрларды мақсатты дайындауда, өндірістік тәжірибені өткеру кезінде ақы төленетін жұмыс орындарын ұсыну, түлектерді жұмыспен қамту мәселелерінде жақсы көмектер көрсетілуде, деп атап өтті С.Құрманбекова.

Соңғы жаңалықтар