Композиторлар одағының филиалы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 12-сі. Қаз Ақпарат /Руслан ИГІЛІК/ - Өнер қонған өлке Қызылордада тұңғыш рет Қазақстан Республикасы композиторлар одағының филиалы ашылып, А.Тоқмағанбетов атын­дағы мәдениет үйінде осы одақтың ашылу салтанаты өтті.
None
None

Тұсаукесер рәсімінде Тұрма­ғанбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрі Қазақстан компози­тор­ларының жиырмаға жуық шығар­маларын орындады. Жиында Қазақ­стан композиторлар одағы төр­айымының орынбасары Артық Тоқ­санбаев және кеңес мүшелері Бейбіт Дәлденбаев, Ермек Өміров, Еділ Құсайынов және Шымкент об­лыстық композиторлар бөлім­шесінің төрағасы Алдаберген Кө­шер­баев құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты шарада бір топ жергілікті композитор одақ мүше­лігіне қабылданып, оларға куәліктер табысталды.

Бұл бөлімнің ашылуы ел ішіндегі таланттардың танылуына игі әсерін тигізеді деп үміттенеміз.

Соңғы жаңалықтар