Конькиді мәнерлеп сырғанаудан еліміз құрамасы сапында өнер көрсететін В.Адоньев пен В.Кучеренко қысқы Азиада ойындарына әзірленуде

ОРАЛ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Еліміз құрамасы сапында жұптасып мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсететін Виктор Адоньев пен Виктория Кучеренко 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін VІІ қысқы Азиада ойындарына әзірленуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.

1988 жылы дүниеге келген В.Адоньев пен 1991 жылғы В.Кучеренко белгілі ресейлік бапкер, РФ еңбек сіңірген жаттықтырушысы Светлана Алексееваның басшылығымен он жылдан бері шеберліктерін шыңдап келеді. Бұған дейін бірнеше рет Ресей чемпионатының жеңімпазы, көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері атанып үлгерген аталмыш жұп Азиадаға дейін Францияда өтетін «Goupe de Nica» жарысында бақ сынамақ.

С.Алексеева атақты бапкер Татьяна Тарасовамен он алты жыл бойы қоян-қолтық жұмыс жасаған, өзі де олимпиада чемпиондары Сергей Пономаренко мен Марина Климованы шыңдап шығарған. Қазір ол БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен келісімшартқа отырып, аталған жұпты Мәскеуде Азиадаға дайындау үстінде.

Соңғы жаңалықтар