16:56, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова өзінің өміріндегі тұңғыш Олимпиадасында табысты өнер көрсетті - жаттықтырушы Сергей Лоскутников
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова өзінің өміріндегі тұңғыш Олимпиадасында табысты өнер көрсетті,
деп санайды оның жаттықтырушысы Сергей Лоскутников.
Бұл жөнінде спортшының ұстазы қарағандылық журналистерге Ванкуверден телефон арқылы хабарлады.
«Шын мәнінде мен Катяны бар күшін сарқа пайдаланды деп айта алмаймын. Екі қашықтықта да ол тіпті өз көрсеткіштерін қайталай алған жоқ. Егер Катя жеке рекорд бойынша өнер көрсетсе нәтижесі әлдеқайда жоғары болар еді. Бірақ ілгерілеушілік бар, әлемдік рейтингте Айдова 36-шы орыннан 12-ші орынға көтерілді, - деді С.Лоскутников. - Біздер көптеген беделді конькимен жүгірушілерді артқа қалдырдық. Біздерден жүрексінетін болды. Катяның жасы небәрі 18-де! Алар асулардың алда екені айтпаса да түсінікті».