Конгода тырысқақ ауруы өршіп тұр: екі мыңға жуық адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Конго Демократиялық Республикасында 9 айда тырысқақтың 64 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Көбіне балалар сырқаттанып жатыр, деп хабарлайды БЕЛТА.

Африканың 23 елінде тырысқақ ошағы тіркелді
Фото: dw.com

Биыл Конго елінде тырысқақтың 64 427 жағдайы тіркелген, оның ішінде 1888 адам осы індеттен көз жұмды. Науқастардың 14 818-і бала. Олардың 340-ы қайтыс болды. 

Ауру 26 провинцияның 17-де таралып үлгерді. Ең маңызды ошақтардың бірі — Киншасада. 

— Тырысқақтың алдын алуға болады. Ол үшін қауіпті аймақтарда сумен жабдықтау, санитарлық талап және денсаулық сақтау жүйелерін жақсартуға мемлекеттік инвестицияларды арттыру қажет. Сырқат тырысқақ вибрионымен ластанған су мен тамақ арқылы жұғады. Сондықтан халықты, әсіресе ауру кең тараған аудандарда тұратын балаларды қорғау үшін алдын алу шараларына ерекше назар аудару керек, — делінген ақпаратта. 

ДДҰ-ның есебінше, таза судың, санитарлық талаптың және гигиенаның болмауынан жыл сайын 1,4 миллион адам қайтыс болады.

Тамыз айында Африканың 23 елінде тырысқақ ошағы тіркелді

Соңғы жаңалықтар