Константин Ромодановский ТМД-ға мүше мемлекеттердің көші-қон огандары жетекшілерінің Кеңесін басқаратын болды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - РФ Федеральді көші-қон қызметінің директоры Константин Ромодановский 2011 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің көші-қон органдары жетекшілерінің Кеңесін басқаратын болды, деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.
None
None

Бұл туралы шешім ТМД-ға мүше мемлекеттердің көші-қон органдары жетекшілері кеңесінің сегізінші отырысында қабылданды.

Отырысқа Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасының көші-қон органдарының делегациялары қатысты.

Соңғы жаңалықтар