Конституция Қазақстанның мәдени және әлеуметтік әлеуетінің, экономикалық жағынан қарқынды дамуының жаңа мүмкіндіктерін ашты - ҚР Тәжікстандағы елшісі

Іс-шараға Тәжікстанның БАҚ-ы, белді қоғам қайраткерлері, шығармашылық атқамінерлердің өкілдері, ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері, «Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамы мен Тәжікстан Республикасындағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты, деп хабарлады Тәжікстандағы ҚР елшілігінің баспасөз баяны.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әбутәліп Ахметов сенім мен өзара түсіністікке негізделген қазақстандық-тәжік қатынастарының жоғары деңгейін атап өте келе, мемлекеттік билік пен қоғам институттары қалыптасуы және нығаюы қағидаларының негізін салған Қазақстан Конституцияның негізгі бағыттарымен таныстырды. Қазақстандық дипломат атап өткендей, Конституция Қазақстанның мәдени және әлеуметтік әлеуетінің, экономикалық жағынан қарқынды дамуының жаңа мүмкіндіктерін ашты.