Конституциялық реформа - уақыт талабымен үндескен үдеріс - Бектай Орманов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолға алынып жатқан конституциялық реформа қоғамдық үдерістерді одан әрі демократияландыруға бағытталған Елбасы саясатының жүйелі жалғасы болып табылады.
None
None

Мұндай пікірін ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ОҚО өкілдігінің жетекшісі Бектай Орманов білдірді.  

«Билік тармақтарының айқындалған арасалмағы мен аражігі өзгерістердің басымдығы ретінде  белгіленуде. Осы уақытқа дейін Президентке жүктеліп келген өкілеттіктердің Үкіметке берілуі мемлекеттік институттар арасындағы іс-қимылды жетілдіруге септесіп, қоғам алдында есеп беретін кәсіби министрлер кабинетін жасақтауға мүмкіндік ашады. 

Үкіметке әлеуметтік-экономикалық үдерістерді жеке-дара реттеу құқығы мен мемлекеттік бағдарламаларды дербес бекіту өкілеттіктерінің берілуі, министрліктердің жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезеңінде-ақ тәртібін күшейтеді. Бүгінгі таңда бұл міндеттер өзекті болып табылады және Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына арнаған  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында  жүктелген тапсырмаларды жедел іске асыруға жетелейді», - деп атап өтті Б.Орманов.

  

Соңғы жаңалықтар