Контрафактілік өнім шығаратын екі цех әшкереленді - СҚО

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, 3 мамырда Петропавл қаласында қаржы полициясы органдары және СҚО Әділет департаменті қызметкерлерінің бірлескен күшімен фильмдерді,
None
None

музыкалық туындыларды шығару және заңсыз тарату бойынша екі цехтың қызметі тоқтатылды. 586 DVD-диск, жүйелік блок және ноутбук тәркіленді. Бұл туралы СҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметінен хбарланды.

Сонымен қатар, «қарақшылық» дыбыс және бейне өнімдерді сату фактілерін анықтау, жолын кесу бойынша жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. Оның аясында «Тайга» СҮ аумағында заңсыз айналымнан контрафактілік белгілері бар тоғыз жүзден астам DVD диск тәркіленді.

«Әділет органдарының құқық қорғау органдарымен зияткерлік меншік құқықтарды қорғау бойынша жұмыстары жалғасуда»,- делінген таратылған мәліметтерде.

Соңғы жаңалықтар