09:58, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қоныс колониясынан қашқан 47 жастағы ер адам Ақмола облысында ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қоныс колониясынан қашқан 47 жастағы ер адам Ақмола облысында ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«47-жастағы ер адам алаяқтық қылмыс жасағаны үшін сотталып, жазасын Жамбыл облысының Құмжота кентіндегі ЖД -158 түзету мекемесінде (қоныс колониясында) өтеп жатқан болатын. Ол еркіндікке шығуы құқын пайдалана отырып, өткен 2014 жылдың наурыз айында жұмыс орнын тастап, бой тасалаған. Сотты болған оның жазасын өтеуден бас тартқаны үшін сол уақыттан бері іздеу жарияланды», дейді Жамбыл облысының ҚАЖ департаментінің басшысы міндетін атқарушы Бахтияр Төлепов.
«Жамбыл облысының ІІД Байзақ аудандық ІІБ криминалды полиция және ҚАЖ қызметкерлерінің мақсатты жұмыстарының арқасында «қашқын» Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында ұсталды», - деді Б.Төлепов.