Көп балалы ананың үйі газға қосылатын болды - Қызылорда
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдауға келген Гүлмира Мырзахметова жұмыссыз, төрт баланың анасы, күйеуі екінші топтағы мүгедек. Шиелі кентінің тұрғыны үйіне табиғи газ кіргізуге мүмкіндігі жоқтығын айтып, көмек сұрады.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығына Г.Мырзахметованың үйіне газды тегін кіргізіп, пешін алып беруді тапсырды.
- Заңға сәйкес тұрғындар үй ішіне газды өз қаржаты есебінен кіргізеді. Сіздің әлеуметтік жағдайыңыз төмен болғандығын ескеріп, «ҚазТрансГаз» басшылығына көмектесуге өтініш айтамын, - өңір басшысы.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Гүлмираның жағдайын сұрап, күйеуі жақында квота бойынша ота жасататынын білді. Отаны сәтті өтуіне және күйеуіне жағдайы жақсаруына тілектестігін білдірді.