Көпшілік қолды өнімдердің бағасы негізсіз қымбаттамауы тиіс ? Ақтөбе облысыныі әкімі

АҚТӨБЕ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Самал Егінбаева/ - Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов өңірдегі ірі шаруашылық жүргізетін субьектілердің басшыларымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесудің басты тақырыбы ? ұлттық ақшамыздың девальвацияға ұшырауына байланысты көпшілік қолды өнімдер бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу. Қалыптасқан мұндай жағдайда экспорттаушы-кәсіпорындар үшін тиімді тұстар аз емес, өйткені олар шығарған өнімнің бағасы қымбаттай түсті. Дегенмен, бұл ішкі рынокта жұмыс істейтін басқа кәсіпорындарға негізсіз баға көтеру қажет деген түсінік бермейді.Әкімнің айтуынша, кеше жекелеген дүкендер мен дәріханалар азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмекке, басқа да тұтыну тауарларына бағаны өсіре бастады. Мәселен, жергілікті биліктің мейлінше қолдау жасап келе жатқандығын, өндірісті автоматтандыру жүйесіне жасалынып жатқан нақты көмекті айтпағанда, сондай-ақ, кәсіпорынның басы артық астығы бола тұра Жаңаәлжан ұн-жарма комбинаты ұнның бағасын 3 %-ға қымбаттатып жіберген. «Қазіргідей қысылтаяң кезеңде халықтың қамын ойлау қажет. Бізге керегі тұрақтылық пен қоғамдық-саяси тыныштық. Халықтың 40%-ның күн көріс деңгейі өте төмен болса, тұрғындардың 20%-ының тұрмыс деңгейі орташа. Демек, халық арасындағы негізгі тұтынушылардың қалтасы қымбатшылықты көтермейді», - деді Елеусін Сағындықов. Кездесу барысында кәсіпкерлер де өз тарапынан бірқатар өзекті мәселерді көтерді.
Соңғы жаңалықтар