12:15, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,13 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,13 теңгені, ал сауда көлемі 38 425 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,17 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 23 575 мың долларға өсті.