Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,59 теңгені құрады

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,59 теңгені, ал сауда көлемі 130 155 мың долларды құрады. Өткен жұмадағы таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,17 теңгеге өсіп, сессия көлемі 79 655 мың долларға артып отыр.
Соңғы жаңалықтар