Қорғалжың ауданында көлікке қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

КӨКШЕТАУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Қорғалжың ауданындағы күре жол бойындағы Жантеке ауылы тұсында «КамАз» жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер құрықталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жол бойындағы қылмыс туралы хабар түскен соң жол полициясы қызметкерлерінен жасақталған топ оқиға болған жерге келіп жетті. Бұл іске облыстық және аудандық ішкі істер қызметкерлері, Жантеке ауылының тұрғындары жаппай атсалысып, қылмыс ізі суымай ашылды. Ен далада қылмыстық әрекет жасап қолға түскендер Солтүстік Қазақстан облысының 1964-ші және 1970-ші жылғы азаматтары, олардың біреуі ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп келген болып шықты. Күдіктілер көлік жүргізушісін елордадан аталмыш ауданға құрылыс материалдарын жеткізіп бер деген өтінішпен алып шыққан. Жол бойында олар көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұрып-соғып, ағашқа байлап кеткен. Қазір күдіктілер уақытша оқшаулау абақтысында, тергеу амалдары жалғастырылуда. Бұған дейін осындай қылмыстық әрекет Целиноград ауданында тіркеліп, онда қылмыскерлер «Көкшетауарасансу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісіне оқ атып, тонап кеткен болатын.
Соңғы жаңалықтар
Референдум