Қорғалжында 130 қарт жауынгер мен тыл ардагерінің омырауына мерекелік медальдар қадалды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауданының әкімі Сұлтан Қасенов өңірден Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіспен оралғандар мен тыл ардагерлерінің омырауларына Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекелік медальдарын қадап, гүл шоқтарын табыстады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осындай салтанатты жиын өңірдегі барлық сегіз ауылдық округке қарасты 25 елді мекенде өткізіліп, сый-құрмет көрсетілген. Көпшіліктің қатарында қарт майдангерлер Ақыш Абдрахманов пен Иван Бангужик те меркелік марапаттауға иелік етті. Арықты, Кеңбидайық, Қорғалжын ауылдық округтеріндегі мерекелік жиын ауыл өнерпаздарының концертіне, дастархан басындағы жүздесуге ұласты. Бұл күндері Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосқандардың әрқайсысы сый-құрметтен кенде қалған жоқ.

Жалпы, аймақтан Ұлы Отан соғысына 20492 адам аттанса, солардың 1600-і майдан даласында қаза болған, хабарсыз кеткен. Бейбіт еңбекке 492 жауынгер оралып, қазірде олардың алтауы ауылдастарының ортасында сый-құрметке ие болып отыр.

Соңғы жаңалықтар