Қорғалжындағы Даңқ мемориалына Ұлы Отан соғысында мерт болған 1600 жауынгердің есімдері жазылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Қорғалжын ауылындағы Даңқ мемориалына Ұлы Отан соғысында мерт болған және хабар-ошарсыз кеткен 1600 жауынгердің есімдері жазылған мәрмәр тас орнатылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі алты соғыс ардагері мен 120 тыл ардагері, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері, жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткен салтанатты жиында аудан әкімі Сұлтан Қасенов сұрапыл майданда қан төккен аға ұрпақ өкілдеріне тағзым ететіндігімізді жеткізіп, барша қауымды Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.
Қазіргі кезде қарт жауынгерлер мен оған теңестірілгендер мемлекет қамқорлығына алынған. Жуық маңда 130 адамға мерекелік медальдар, әлеуметтік көмектер, бағалы сыйлықтар табысталды. Ортақ іске «Алтынай», «Стрим-Сервис», «Экотон+» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері елеулі үлес қосып, қолдан келген көмегін көрсеткен. Монументті жаңғырту жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 миллион теңге, осы ауылдың тумасы, сәулетші Серік Рүстембеков өз қаржысынан 800 мың теңге қарастырған. Айналасы сәулеттендіріліп, жасыл көшеттер отырғызылып, гүлзарлар ескерілген. Жарықтандыру түйткілі де шешімін тапқан. Осы тұста ауған соғысында азаматтық борышын өтеп, мерт болғандарды мәңгі есте сақтау мақсатымен «Бәрі есте» тақтасы орнатылды. Салтанатты жиын соңы жергілікті өнер шеберлерінің мерекелік концертіне, шымырлар мен шыныққандар сайысына ұласты.

Соңғы жаңалықтар