08:08, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Қорғаныс министрі мамырдың 7-сі мен 9-ында Астанада мерекелік отшашу өткізу туралы бұйрыққа қол қойды
А. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 4-інде Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков мамырдың 7-сі мен 9-ында Астанада мерекелік отшашу өткізу туралы №181 бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады ресми бұқаралық ақпарат құралдары.
Отан Қорғаушы күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын орындау аясында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрғақтағы әскерінің қолбасшысына Астана қаласында мамырдың 7-сі күні сағат 22.00-де - 18 артиллериялық залппен, мамырдың 9-ында сағат 22.00-де - 25 артиллериялық залппен отшашу беру туралы бұйрық берілді.