«Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА-да 73,5 келі алтынмен контрабандашы ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы «Алтынкөл» кеден күзетінде контрабандамен кедендік шекараны кесіп өтпекші болған 24 жастағы ҚР азаматы ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы Мемлекеттік кіріс департаментінен хабарлады.
None
None

«Қорғас-Шығыс Қақпа ХШЫО АЭА» бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшілері кеден күзетінің қызметкерлерімен бірлесіп көлік тұрағынан ҚР азаматын ұстады, оның қол жүгінен алтынға ұқсас бұйым табылды. Тауар салмағы - 73,5 келі», - деп нақтылады облыстың мемлекеттік кіріс департаментінен.

Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар