16:22, 20 Қараша 2014 | GMT +5
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ университтердің әлемдік рейтінгінде жоғары тұр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тұңғыш рет университеттердің әлемдік рейтингіне қатысып, Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындары арасында 68-орынды иеленіп, 60-70 WUR тобына енді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейтингке Азия мемлекеттерінен 718 жоғары оқу орны қатысқан. Оның ішінде Қазақстанның жетекші 21 жоғары оқу орны бар. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті еліміздің осы 21 оқу орнының арасынан 4-орынды иеленді.
Жоғары оқу орындарының жетістіктерін саралауда университеттердің академиялық ортадағы беделі, профессор-оқытушылар санының студенттер контингентіне арақатынасы, жұмыс берушілердің арасындағы мәртебесі, сілтеме жасау көрсеткіші, шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі басты назарға алынған.