Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазан мемлекеттік аграрлық университеті ынтымақтастық меморандумы жасалды

АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Татарстан астанасында Қазан мемлекеттік аграрлық университеті ректоры Джаудат Файзрахманов пен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қылышбай Бисенов өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін олар АҚШ, Ресей, Түркия, Австрия, Оңтүстік Корея, Украина және тағы басқа да бірқатар елдердің 60-қа жуық жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтарымен әріптестік байланыс орнатқан көрінеді.
None
None

Бұл меморандумның басты мақсаты оқытушы-профессорлар мен студенттер алмасу, қос дипломды бағдарламаны жүзеге асыру, оқытушылардың біліктілігін арттыру, халықаралық жобаларға, конференциялар мен семинарларға қатысу, магистрлер мен ғылым докторларын бірлесіп дайындау болып отыр. Қазақстандық жоғары оқу орнының бұл жолғы әріптесі аграрлық саланы дамыту арқылы табиғи және өндірістік әлеуетті арттыра отырып, адам өміріне қолайлы жағдай жасауды алдына басты мақсат етіп қойған.

Соңғы жаңалықтар