Көрнекті ақын, ағартушы, ойшыл Ұлы Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше - Г.Кәрімова
Шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Г.Кәрімова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің пофессоры, тарих ғылымдарының докторы Қ.Әбуов, мәдениет қайраткері, жазушы Ғ.Төлеғұл, қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының қызметкерлері және студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Еске сала кетсек, биылғы жылы Семей қаласына жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұсұлтан Назарбаев Абай мұражайында болып, ұлы ақынның бір шумақ өлеңін оқи отырып: жиналған жұртқа «Біз халыққа Абайдың жолын, яғни, өзінен кейін қалдырған баға жетпес мұраны жеткізуіміз керек», - деп атап өткен еді. Оның нақыл сөздері бүгіндері де өзекті болып отыр.
«Көрнекті ақын, ағартушы, ғұлама ойшыл Ұлы Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Бұл оның қазақ халқының данышпан ақын, жазу әдебиеті мен әдеби қазақ тілінің негізін салушы ғана емес, революцияға дейінгі кезеңдегі казақ мәдениеті тарихындағы ең ірі тұлға екенін білдіреді», - деп атап өтті өз сөзінде Г.Кәрімова.