08:19, 14 Тамыз 2021 | GMT +5
Коронавирус: Түркістаннан басқа барлық өңір «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 14 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Түркістан облысы.
Еске сала кетсек, 12 тамыздан бері Түркістан облысы қайта «сары» аймаққа өтті.