11:50, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Қоршаған ортаны қорғау конференциясы Қазақстан үшін бұл саладағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді - К. Мәсімов
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау және даму министрлерінің 6-ншы конференциясы Қазақстан үшін қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы жан-жақты ынтымақтастық үдерісін дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Астанада өтіп жатқан аталмыш конференцияға бүгін қатысып, сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты.
Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерін ортқ экологиялық жүйе біріктіретінін жеткізген Үкімет басшысы: «Осы жылғы су тасқындары, өрттер барлығымыздың ортақ проблемаларға тап болып отырғанымызды білдірген дер кезіндегі ескертулер болды», деді. Осы орайда К. Мәсімов Қазақстан Ресейді, Қытайды, Орталық және Шығыс Азия, Кавказ елдерін қосқанда өңірлік мемлекеттермен бірге, сондай-ақ түрлі халықаралық ұйымдар мен бағдарламалар аясында бірлескен экологиялық жобаларға қатысып, жүзеге асырып жатқанын атап көрсетті.
Оның айтуынша, бұл ретте Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен ынтымақтастық Қазақстан үшін тек жағымды нәтижелер алып келеді.