Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің алтыншы конференциясында министрлер декларациясы қабылданады
Бұл туралы бүгін Астанда аталмыш конференцияға дайындық қарсаңындағы Консультативтік кеңестің екінші кездесуінде БҰҰ-ның Экологиялық саясат және даму бөлімінің директоры Шаои Ли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, декларацияға тек қоршаған ортаны қорғау министрлері ғана емес, сонымен бірге экономика министрлері қолдарын қоятын болады. «Олар да экологиялық, соның ішінде қоршаған ортаның қорғау және орнықты даму қағидаттарын ілгерілету жөніндегі міндеттемелерді мойындарына алулары тиіс», деді ол.
Ш. Лидің сөзіне қарағанда, сонымен қатар конференцияда орнықты даму қағидаттары жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бес жылдық жоспар әзірленетін болады. Жоспарда қоршаған ортаны және орнықты даму қағидаттарын жүзеге асырудағы нақты міндеттемелер мен іс-қимылдар көрсетілмек. «Сонымен қатар, алтыншы конференцияда ұлттық және аймақтық деңгейде жеке сектор мен мемлекеттік сектор, мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестікті орнату көзделіп отыр. Себебі орнықты даму қағидатын жүзеге асыруда ұйымдар арасындағы әріптестіктің табысты болуы өте маңызды», дейді Ш. Ли
Айта кетейік, жоғарыдағы конференция Астанада ағымдағы жылы қыркүйектің 27-сі мен қазанның 2-сі аралығында өтеді.