Қоршаған ортаны ластағаны үшін «BasselGroup LLS» ЖШС 221 млн. теңге айыппұл төледі - Қарағанды облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қолданған шаралардың нәтижесінде Қарағанды облысының бюджетіне 221 млн. теңге түсті, деп хабарлайды Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
None
None

Осыдан бұрын хабарланғандай, табиғат қорғау прокуратурасы «BasselGroup LLS» ЖШС-нің қызметіне тексеріс өткізу барысында қоршаған ортаға тиісті рұқсатсыз эмиссия жасау (зиянды қалдықтармен қоршаған ортаны ластау) деректері анықталған болатын.

Сот шешімімен «BasselGroup LLS» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылып, оған 221 млн. теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы тағайындалған.

Атқарушылық өндіріс аясында қолданылған прокурорлық қадағалау шараларымен тағайындалған әкімшілік айыппұл сомасы толық көлемде өндірілді.

Соңғы жаңалықтар