Қоржынымыздағы 3 «алтынды» ұпаймен есептеп, халық санына шақсақ, Қазақстан әлемдегі спорттық державалардың біріне айналады

АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - «Динамо хабаршысы» газетінің бас редакторы Тимур Абишев әр елдің спорттағы рейтингін анықтаудың жаңа үлгісін ойлап тапты. 
None
None

Оның пайымдауынша, бұған дейін қолданылып келген үлгі спорттың дамуының шынайы деңгейін көрсете алмайды. Қандай да бір мемлекеттің спорттық рейтингін олардың Олимпиада ойындарында жеңіп алған медальдарының санымен өлшеу, нақты көрсеткіш бола алмайды.

Т. Абишев спорт редакцияларының жетекшілеріне жолдаған өз хатында ел құрамасының жеңіп алған медальдарын ұпайлық негізде бағалау қажеттігін айтады. Оның айтуынша, алтын медальға - 3 ұпай, күміс медальға  - 2 ұпай, қола  медальға 1 ұпайдан беріп, оны есептеп халық санына бөлу керек. Сондай-ақ, мұндай санау жүйесін қолдану  спорттық клубтардың жұмысының  тиімділігін бағалауға да қолдануға  болады. Аталмыш рейтинг жүйесі халықты дене шынықтырумен айналысуға қызықтырып, әрбір елдегі кәсіби  немесе ауқымды спорттың танымалдығын реттейді. Егер Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын медалды ұпаймен есептейтін болсақ бұл көрсеткіш елімізді әлемдегі спорттық державалардың қатарына шығаратынына сеніміміз мол.

Соңғы жаңалықтар