Көші-қон ағымы Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінде алдағы уақытта да сақталады - Д. Арғандықов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көші-қон ағымы Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінде алдағы уақытта да сақталады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Халықаралық көші-қон және босқындарды қорғау жөніндегі Алматы үдерісіне қатысушы елдер өкілдерінің кездесуі барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, қазіргі таңда ешбір ел көші-қон ағымын және осыған қатысты басқа да халықаралық мәселелерді жалғыз өзі шеше алмайды.

«Бүгінгі кездесудің басты тақырыбы: «2014 жылдан кейінгі аралас көші-қон қозғалысы» деп аталады. Көші-қон ағымының артуы әлемдік қоғамдастық үшін маңызды құбылыс болып отыр. Сондықтан, біз бүгін осы тақырып аясында төрт ірі мәселені талқылаймыз. Олар: Ауғанстанда 2014 жылдан кейінгі орын алатын жағдай; Төтенше жағдайларға дайын болу және шекараны басқару: тәжірибе алмасу; Мигранттар мен саяси баспана іздеп жүргендерді бағыттау: тәжірибе алмасу және Аралас көші-қон ағымы бойынша аймақтық ынтымақтастық орнату. Бүгінгі кездесуде көші-қон саласындағы маңызды мәселелер жан-жақты қаралып, нақты ұсыныстар айтылады деген үміттемін. Бұл түптеп келгенде елдер арасындағы ынтымақтастыққа, босқындар жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді» - деді Д. Арғандықов.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бүгінгі кездесуге Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Пәкістан және Түркия елдерінің өкілдері, сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясы бойынша Аймақтық орталығының өкілдері, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев және басқа мүдделі тұлғалар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар