Көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының бұйрығымен Едіге Исенов Ақмола облыстық басқармасының директоры болып тағайындалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шоқан Уәлиханов атындағы педагогикалық институтының түлегі Едіге Ақатұлы еңбек жолын 1979 жылы қатардағы мұғалімдіктен бастап, комсомол-партия қызметтерінде болып, кейінгі жылдары шаруа қожалығына, жауапкершілігі шеуктеулі серіктестігіне жетекшілік жасады. 2005 жылдан бері көші-қон облыстық басқарма бастығының орынбасары міндетін атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар