Көші-қон, лаңкестікпен және экстремизммен күресудің өзекті мәселері Қазақстанның төрағалығы кезеңінде де ЕҚЫҰ күн тәртібінен түспейтін болады

Бұл туралы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Жерорта теңізі қарым-қатынас тобының төрағасы Қайрат Әбдірахманов желтоқсанның 14-15-інде «Жерорта теңізі серіктестері және ЕҚЫҰ: қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы ынтымақтастық» тақырыбында ЕҚЫҰ конференциясы өткен Каирде мәлім етті.
Конференцияда сондай-ақ, ЕҚЫҰ және Жерорта теңізі аймақтарындағы қауіпсіздіктің әскери-саяси сипаттары сөз болды. Жерорта теңізі аймағындағы серіктестермен көші-қон, заңсыз миграция мен адамдарды құлдыққа салумен күресу, сондай-ақ адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері де қаралды.
Бұл жиын біздің еліміз үшін қорытынды болып табылады, себебі Қазақстан Жерорта теңізі қарым-қатынас тобындағы төрағалық міндетін аяқтайды. Қазақстан эстафетаны ЕҚЫҰ «Үштігінің» мүшесі ретінде келесі жылы Жерорта теңізі тобына жетекшілік ететін Литваға тапсырды.