Көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 153 азамат елден шығарылды - Маңғыстау облысы

белгіленген мерзімінің бітуіне қарамастан елден шығудан бас тартқаны және көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен ел аумағынан 153азамат шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
МОІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 1167шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына 30 адам орналастырылған.
Шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережесін бұзғаны үшін 118 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іздестіруде жүрген5 адам (4 ТМД азаматы, 1 ҚР азаматы), оның ішінде біреуі кісі өлтіргені үшін ұсталды.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 қылмыстық іс қозғалған.