Қосшы ауылындағы көпқабатты үйлердің жоғары қабаттарына су жеткізілді - Ақмола облысы

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған мәселені тез арада шешу үшін «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, қорытындысымен жеңімпаз деп танылған мердігер «Заводстрой» ЖШС-мен келісімшарт жасалған көрінеді.
«Қазіргі күні елді мекенді үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер тарапынан құрылыс материалдары сатып алынған оның ішінде 1300 метр су құбыры алынды, сонымен қатар 3 ауыз су ұңғымалары орнатылады.
Мердігер бұл жұмыстарды үстіміздегі жылдың қараша айының 25 жұлдызына дейін толығымен аяқтауға кепілдік беруде.
Осы аталған құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған соң, елді мекенге 1000 текше метрден асатын ауыз су жеткізілу жоспарлануда», - деп көрсетілген хабарламада.