20:31, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қостанай ауданы әкімінің орынбасары пара алу кезінде ұсталып, тұтқындалды
ҚОСТАНАЙ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /петр Плахотников/ - Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Мереке Демесінов пара алу кезінде ұсталып, соттың санкциясымен тұтқындалды.

Бұл туралы Қостанай облысы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, пара мөлшері 350 мың теңге болған. Ұсталған кезінде шенеунік Қостанай ауданы әкімінің міндетін атқарған. Хабарламада М.Демесінов Қостанай ауданындағы Ульяновка кентінің аумағындағы кәріздік құбырды бұзуға рұқсат беру үшін кәсіпкерлердің бірін пара беруге бопсалағаны айтылады.