Қостанай ауруханасында жүкті әйел көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық перзентханасында 31 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлады alau.kz. Оқиғаны тергеумен екі дәрігерлік комиссия бір уақытта айналысып жатыр.
None
None

Туыстарының айтуынша, қазан айының басында Оксана Гладкованың жағдайы жақсы болған. Жүктіліктің бесінші айы еш қиындықсыз өтіп жатқан. Алайда, 2 қазан күні Оксана өзін жайсыз сезініп, туыстары жедел жәрдем шақырған. Бірақ, туыстары жедел жәрдемнің 1 сағат өткен соң келгенін айтуда.

«Оксанаға дәрі ғана берді», - дейді әкесі. 3 қазан күні де дәл осы жағдай қайталанып, әйелдің жай-күйі нашарлаған.

«Дүйсенбі күні түнде жедел жәрдем оны алып кетті. Түнгі екіде алып кетіп, 12 сағат бойы бір ауруханадан екінші ауруханаға тасып жүрген», - деді Оксананың әкесі Владимир Чернов.

Оксана Гладкованы облыстық ауруханаға жатқызған. 4 қазан күні дәрігерлер іштегі баланың өлімін анықтаған және кесір тілігін жасап, әйелді жан сақтау бөліміне ауыстырған. 5 қазан күні Оксана Гладкова көз жұмған.

«Медициналық құжаттамаға, пациенттің қозғалу бағытына сараптама жүргізіліп жатыр, патологиялық-анатомиялық зерттеу жасалды. Гистологиялық зерттеудің деректерін күтудеміз. Тәуелсіз мамандардан және Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму министрлігі мамандарынан құралған екі комиссия қатар жұмыс істеп жатыр», - деді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлшат Байжұманова.

Дәрігерлердің кінәсі жайлы пікір айтуға әлі ерте екенін атап өтті Г.Байжұманова.

Соңғы жаңалықтар