Қостанай қаласының жарты бөлігі судан ажыратылды

ҚОСТАНАЙ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қостанайда магистральді су құбырында ірі апат болды. Су құбырларының жарылуы салдарынан «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері облыс орталығының тең жартысын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған су таратқыштарын ажыратуға мәжбүр болды.  
None
None

Кәсіпорын қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, су Баймағамбет және Индустриялды су таратқыштарына келмей отыр. Мәскеу су таратқышы әзірше істеп тұр.

Мамандардың есебі бойынша, апаттың салдары бүгін кешке дейін жойылады.

Соңғы жаңалықтар