Қостанай кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын талқылауда

Қ. Әйтекенов Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттерімен, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік қолдауға ие болған қостанайлық «Шыныорталық» ЖШС мен «Басылым үйі» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесті.
Кеше Қ. Әйтекенов «БЖК-2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік қолдауға ие болып отырған Қостанай және Рудный қалаларының мекемелеріне барды. Атап айтқанда «Жиһаз Парк» ЖШС, Қарағұлина ЖК, «Баян Сұлу» АҚ-ның ғимаратын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Қ. Әйтекенов облыстық әкімдіктің ғимаратында Қостанай қаласының шағын және орта бизнес субъектілерімен кездесу барысында еліміздің ІЖӨ-нің құрылымы және «БЖК-2020» бағдарламасында болған өзгертулер жайлы ақпараттандырды. Кездесуге жергілікті билік өкілдері мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры қатысты.